Олимпиада медалі: Алғашқы үштікте Норвегия, Германия, Канада

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін Норвегия құрамасы медальдар санын 33-ке жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ал, әзірге Қазақстан құрамасы фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальмен жалпы есепте 25-ші орында тұр. 

Бүгінгі күннің жалпы қорытындысы бойынша, командалық есепте бірінші келе жатқан Норвегия құрамасы медальдар санын 33-ке жеткізіп, көш тізгінін ешкімге бермей келеді. Олардың қоржынында 13 алтын, 11 күміс және 9 қола (33) медаль болса, екінші орында келе жатқан Германия қоржынында әзірге 12 алтын, 7 күміс және 5 қола жалпы (24) медаль.

Ал үздік үшінші орында келе жатқан Канада спортшылары 9 алтын, 5 күміс және 7 қола медаль (21) еншіледі.

Сонымен қатар жалпы есепте үздік төрттікке Нидерланды елінің спортшылары иелік етті.   Олардың қоржынында 6 алтын, 6 күміс және 4 қола (16) медаль болса, үздік бестікті түйіндеп тұрған АҚШ құрамасының еншісінде 6 алтын, 4 күміс және 6 қола (16) медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар