Олимпиада кезінде жарылыс ұйымдастырмақ болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейрода болған Олимпиада кезінде лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болды деп күдік келтірілген азаматты Бразилияның Мату-Гроссу штатындағы ерекше қорғауға алынған түрмеде онымен бірге жазасын өтеп жатқан сотталғандар өлімші етіп сабап тастады, деп хабарлайды Риа Новости.

Мексикалық Excelsior порталының хабарлауынша, күдікті Валдира Перейра да Рочидің миы өліп қалған. Бұл адамның өмірі бітті деген сөз. Алайда, оның туғандары жүректі жасанды түрде жүргізіп тұратын аппараттан босатуға келісімін берген жоқ. Перейра де Рочеге ресми кінә тағылған жоқ. Алайда, Бразилияның прокуратурасы терактіге байланысты тергеу амалдары жүріп жатқанда оны қамауда ұстаған дұрыс деп тапты.

Соңғы жаңалықтар