Олимпиада: Қазақстандық спортшылардың 6-шы күнгі нәтижелері

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындары бүгін бір ғана спорт түрінен өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

Олимпиада ойындарының кестесіне ауа райының қолайсыздығына байланысты өзгерістер енгізілді.

Әр елден келген тілшілер жарыс туралы емес, күн райының күрт құбылып, алай-дүлей соққан боран туралы жазбаларымен бөлісті. Себебі, бүгінге жоспарланған кейбір жарыстар кейінге шегерілді. 

Сол жарыстардың қатарында бүгін ел атынан сынға түсетін биатлоннан әйелдер арасында Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова және Дарья Климинаның жарыстары  кейінге шегерілді. Сондай-ақ, тау шаңғы жарысынан Мария Григорованың жарысы да өзге күнге ауыстырылды.

Бүгін конький спортынан  жарысқа Екатерина Айдова ғана сынға түсті. Өкінішке қарай, 1000 метр қашықтықта ел намысын қорғаған отандасымыз жарысты 24-ші орынмен аяқтады. 

Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 мадаль жиынтығы сарапқа салынады. жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар