Олимпиада: Қазақстандық шаңғышы қыздар финалға шыға алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шаңғышы қыздар командалық спринт жарысында финалға шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңғышы қыздар арасында өткен командалық спринтте ел намысын Анна Шевченко мен Валерия Тюленева қорғаған болатын.

Өкінішке орай,  отандастарымыз 7.5 шақырымдық қашықтықтты 17:57.04 уақытта жүріп өтіп, финалдық кезеңге шыға алмады.

Жарыс нәтижелері:

1. Норвегия - 16:33.28

2. Швейцария - +6.55

3. Словения - +6.64

10.  Қазақстан (Анна Шевченко, Валерия Тюленева) - +1:23.8.

Соңғы жаңалықтар