Олимпиада: Қазақстандық биатлоншы 30-шы орын алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық биатлоншы Галина Вишневская әйелер арасындағы 7.5 шақырымға спринт сайысында 30-шы болып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰОК-нің сайтына сілтеме жасап. 

Жарысты германиялық биатлоншы Лаура Дальмайер жеңіп алды. Күміс жүлде Норвегия елінің өкілі Марта Олсбюға бұйырды. Үздік үштікті чехиялық спортшы Вероника Виткова түйіндеді.

Қазақстандықтар арасында ең жоғары нәтижені Галина Вишневская көрсетті - 30 орын. Дарья Климина, Ольга Полторанина мен Алина Райкова үздік 50 биатлоншылардың қатарына кіре алмады.

Олимпиада ойындары-2018, Пхёнчхан

Биатлон

Спринт, әйелдер, 7.5 шақырым

1. Лаура Дальмайер (Германия) - 21:06.2

2. Марта Олсбю (Норвегия) - +24.2

3. Вероника Виткова (Чехия) - +25.8

... 30. Галина Вишневская (Қазақстан) - +1:46.0

58. Дарья Климина (Қазақстан) - +2.41.5

63. Ольга Полторанина (Қазақстан) - +2:53.4

71. Алина Райкова (Қазақстан) - +3.27.6

Соңғы жаңалықтар