Олимпиада: Хоккейден финалда Германияны жеңген Ресейлік спортшылар чемпион болды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарының соңғы күні ерлер арасында шайбалы хоккейден финалда Ресейдің олимпиадалық атлеттері мен Германия құрамасы күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу финалға сай тартысты өтті. Ресейлік спортшылар Н. Гусев пен К. Капризов ұйымдастырған комбинациядан кейін В. Войнов мүмкіндікті ұтымды пайдаланып, қарсыластар қақпасына 1 шайба салып, алғашқы кезеңді 1:0 есебімен аяқтады. Екінші кезеңдегі жалғыз шайбаны Б. Мацек пен П. Хагердің шабуылын сәтті аяқтаған Ф. Шютц соқты - 1:1.

Үшінші кезеңде Н. Гусев екі шайба, германиялықтар сапынан Д. Кахун мен Дж. Мюллер бір-бірден шайба салып, тағы да тең нәтиже болды.

Овертаймда енді Н. Гусевпен пас алмасқан К. Капризов ыңғайын тауып, шайбаны қақпаға сүңгітіп жіберді. Сөйтіп, есепті 4:3-ке жеткізді.

Осылайша, хоккейден Ресейдің олимпиадалық атлеттері командасы ХХІІІ қысқы Олимпиаданың алтын медальдарын жеңіп алды.


Фото: vk.com

Соңғы жаңалықтар