Олимпиада: Элизабет Тұрсынбаева 12-орынды қанағат тұтты

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы сайыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада Қазақстан атынан екі бірдей аруымыз сынға түсті. Оның бірі Элизабет Тұрсынбаева болса, екіншісі Айза Мамбекова болатын. Өкінішке қарай, Мамбекова қысқа бағдарламада ең төменгі ұпайға ие болып, жарыс бағдарламасынан шығып қалды. Ал Тұрсынбаева қысқа бағдарламада 15-орынды қанағат тұтқан болатын. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 177.12 ұпай еншілеп, Олимпиада ойындарын 12-орынмен аяқтады.

Қыздар арасындағы мәнерлеп сырғанаудан бас жүлдені ресейлік Алина Загитова 239.57 (82.92 + 156.65) жеңіп алса, екінші орынды тағы бір ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева 238.26 (81.61 + 156.65) қанжығасына байлады. Ал үздік үшінші орынға канадалық Кэйтлин Осмонд 231.02 (78.87 + 152.15) ие болды.

Соңғы жаңалықтар