Олимпиада: Денис Никиша шорт-тректен жартылай финалға өте алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық шорт-трекшілер ширек финалда сынға түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Отандастарымыздан бірінші топта мұз айдынға шыққан Денис Никиша аталған қашықтықты 40.806 уақытта басып өтіп, өз тобында үшінші орынға ие болды. Бұл сайыста әр топтан бірінші және екінші орындарға ие болған шорт-трекшілер жартылай финалға жолдама алуы керек еді.

Енді санаулы минуттардан кейін екінші және төртінші топта қазақстандық Нұрберген Жұмағазиев пен  Абзал Әжғалиев сынға түседі.

Еске сала кетейік, ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында бүгін шорт-трекші үш жігітіміз ширек финалға шыққандығы туралы хабарлаған болатынбыз.  

Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар