Олимпиада чемпионы елордалық балаларға мәнерлеп сырғанауды үйретеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Елена Ильиных Астана қаласы Ішкі істер департаменті қызметкерлерінің балалары үшін шеберлік сабағын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу 19 қаңтарда сағат 18:00-де «Барыс» спорт сарайында өтеді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Елена Ильиных мұз алаңында жаттығуларды көрсетіп, жасөспірімдерге өзінің спорттық жетістіктері туралы айтып береді. Ол Олимпиададағы  тәжірибесімен бөлісіп, қонақтардың сұрақтарына жауап беретін болады деп күтілуде.

«Шараны өткізудегі басты мақсат - бұқаралық спортты дамыту, полиция қызметкерлерінің имиджін көтеру, кәмелет жасына толмағандардың арасында нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ, Қазақстанда мәнерлеп сырғанау спортын насихаттау», - делінген ведомство таратқан хабарламада. 

Шара Астана қаласының ІІД, «Динамо» ДСҚ және қалалық әкімдік қызметкерлерінің ұйытқы болуымен өтеді.  

Соңғы жаңалықтар