Олимпиада: Биатлоншы ерлеріміздің ең үздік нәтижесі - 43-орын
ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, нысана көздеуде мүлт кетпеген неміс спортшысы Андр Пайффер 23 минут 38 секундта мәре сызығынан өтіп, жеңіске жетті. Ал одан небәрі 4 секундқа қалып қойған чех Михал Крчмарж (нысана көздеуде мүлт кеткен жоқ) күміс медальді қанжығасына байлады. Қола медаль нысана көздеуде бір мәрте қателікке бой алдырған итальяндық Виндиш Доминикке бұйырды. Ол жеңімпаздан 7 секундқа қалып қойды.
Ал қазақстандықтардың арасында үздік нәтиже Роман Ереминге тиесілі. Нысана көздеуде екі рет қателікке бой алдырған ол жарыс қорытындысында 43-ші орынға тұрақтады. Владислав Витенко болса, нысана көздеуде 4 рет қателікке жол берді. Ал Василий Подкорытов (нысана көздеуде бір рет қателік жасады) пен Максим Браун (нысана көздеуде 4 рет қателік) болса, тіпті үздік 70 спортшының қатарына да іліге алмады.
Олимпиада-2018. Пхёнчхан
Биатлон
Спринт, ерлер, 10 шақырым
Андр Пайффер (Германия) - 23:38.8 2.
Михал Крчмарж (Чехия) - +4.4 3.
Виндиш Доминик (Италия) - +7.7
... 43. Роман Еремин (Қазақстан) - +1:43.1
79. Владислав Витенко (Қазақстан) - +2:53.9
80.Василий Подкорытов (Қазақстан) - +2:55.9
85. Максим Браун (Қазақстан) - +4:07.9