Олимпиада-2018: Шорттрекшілер Голландия мен Кореяда дайындықтан өтуде

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық шорттрекшілердің дайындығы жақсы, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбековтің айтуынша, қазіргі кезде жігіттер Голландияда, қыздар Оңтүстік Кореяда дайындалып жатыр.

null 

«Қыздардың дайындығын тексеруге Сеулге үш күнге келгенмін. Мұнда кореялық маман Юн Сеунг Наммен бірге қазақстандық бапкер Аслан Даумов жұмыс жасауда. Ертең Голландияға қайтамын. Басты мақсат - төрт жылда бір рет өтетін олимпиадада барынша табысты өнер көрсетіп, еліміздің көк байрағын биікте желбірету. Биылғы жылдың ең басты додасында Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша және Нұрберген Жұмағазиев 500 метр қашықтықта сынға түседі. Оған қоса Нұрберген 1 мың және 1500 метрден жарыс жолына шығады. Қыздардан Анастасия Крестова 500, 1000 және 1500 метрлік қашықтықта  бағын сынайды. Сондай-ақ Әлия атанған корей қызы Ким Йонг А 1000 және 1500 метрден ел намысын қорғамақ. Шорттрекшілеріміз өз тарихында алғаш рет он лицензияға қол жеткізген болатын»-, деді «ҚазАқпарат» тілшісіне М.Қарсыбеков.

null 

Шорт-тректен Қазақстан құрамасының капитаны Нұрберген Жұмағазиев те дайындықтарының ойдағыдай екендігін, жарақатының жазылғанын жеткізді. «Қазір қолым да жақсы, бізді әрдайым қолдайтын елімізге, ағайындардың бәріне Голландиядан сәлем айтамын. Жеңісті жыл болуын біз де тілейміз», деді Н.Жұмағазиев.

null 

Еске сала кетейік, Сочи олимпиадасында негізін батысқазақстандық шорттрекшілер құрайтын Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрлік эстафеталық бәсекеде бесінші орынға табан тіреген болатын. 

null 

Соңғы жаңалықтар