Олимпиада-2018: Шаңғышыларымыз жүлдеге іліге алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчхан Олимпиадасында шаңғыдан ерлер арасындағы 15 шақырымдық сайыстар өтті. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар бұл сында жүлдесіз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада Евгений Величко, Денис Волотка, Виталий Пухкало өнер көрсетті. Нәтижесінде Виталий Пухкало (36:57.4) 54-орын,  Евгений Величко (37:28.6)  - 61, Денис Волотко (37:39.8) 64-орындар алды.  

Бұл сайыста бас жүлдені швейцариялық Дарио Колонья жеңіп алса, екінші орынды норвегиялық спортшы Симен Хегстад Крюгер иеленді. Үздік үштікті Олимпиада туы астында сынға түсіп жатқан ресейлік Денис Спицов түйіндеді. 

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 18 ақпан, жексенбі күні қазақстандықтар спорттың 3 түрінен бақ сынайды.

Еске салайық, 9 ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимпиада ойындарына Қазақстан спортшылары 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғауда. Пхенчхан Олимпиадасында жалпы спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Байрақты дода 25 ақпанда аяқталады. Қазақстан қоржынында әзірге бір қола медаль бар. 

Соңғы жаңалықтар