Олимпиада-2018: Мамбекова шығып қалды, Тұрсынбаева жарысты жалғастырады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада өнер көрсетуге жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұз айдынға 23-ші болып шыққан отандасымыз қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетіп, 57.95 ұпаймен 30 спортшыдан жалпы есепте 15-ші орынға ие болды. Осылайша ол енді 23 ақпан күні еркін бағдарламада ары қарай жарысты жалғастырады. Ал осы сында өнер көрсеткен екінші отандасымыз  Айза Мамбекова қысқа бағдарламадан 44.40 ұпай еншілеп, жарысты ең соңғы болып аяқтап, еркін бағдарламада өнер көрсету мүмкіндігіне ие бола алмады. 

Соңғы жаңалықтар