Олимпиада-2018: Конькиші жігіттеріміз 500 метрді жүлдесіз аяқтады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында конькиші жігіттеріміз 500 метр қашықтықта сынға түсіп, жүлделі орындарға ие бола алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған қашықтықта жарыс жолына үш бірдей конькишіміз Артем Крикунов, Станислав Палкин және Роман Креч шыққан болатын. Өкінішке қарай, үшеуі де жүлделі орындардан құр қалды.

Қазақстандықтар арасынан Палкин 24-ші орынға ие болды. Ол бас жүлдені жеңіп алған норвегиялық Хавард Лоренценнен + 0,92 секундқа қалып қойды. Екінші спортшымыз Крикунов 25-ші орынды (+0.93) місе тұтса, үшінші конькишіміз Креч жарысты 35-ші (+1.51) орынмен аяқтады.

null null null null null null null null null 

фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар