Олимпиада-2018: Конькиші Федор Мезенцев алғашқы іріктеуден өтпей қалды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында коньки тебу спортынан ерлер арасында масс-старт жарысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада ел намысын Федор Мезенцев қорғап, өкінішке қарай ол финалдық кезеңнің алғашқы іріктеу сынынан өтпей қалды. Финалдық бірінші іріктеу сынында 12 спортшы мұз айдынға шығып, алғашқы сегіздікке ілінген спортшылар екінші финалдық іріктеу кезеңіне жолдама алды. Ал отандасымыз өз тобында 11-ші орыннан көрінді.

Осылайша, Пхенчхан Олимпиада ойындарында Қазақстан үшін коньки тебу спорты аяқталды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғы спортынан 50 шақырымдық масс-cтарт сайысында қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин 15-ші орын алып, жүлдеге қол жеткізе алмаған болатын. https://kaz.inform.kz/news/olimpiada-2018-altyn-kutken-aleksey-poltoranin-ondykka-da-kirmey-kaldy_a3164687

Соңғы жаңалықтар