Олимпиада-2018: Қазақстандықтардың екінші жарыс күнгі нәтижелері

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында бүгін, 10 ақпан күні отандастарымыз шаңғы жарысы, шорт-трек, шана спорты және биатлоннан сынға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.



Өкінішке қарай, Олимпиаданың алғашқы күні қазақстандық спортшылардың ешбірі жеңіс түғырынан көріне алған жоқ.

Қыздар арасында шаңғы жарысынан өткен скиатлон (7,5 шақырымға - классикалық, 7,5 шақырымға еркін стильмен жүгіру) сайыстарында Қазақстан намысын Анна Шевченко, Елена Коломина және Валерия Тюленевалар қорғады. Жарыстың қорытындысы бойынша Шевченко 36-орынға (+3:40.2), Коломина 54-орынға (+5:43.6) жайғасса, Тюленева жарыс жолынан мүлдем шығып қалды.



Шорт-тректен 1500 метрге ерлер арасында Нұрберген Жұмағазиев, Денис Никиша жарыс жолына шығып, іріктеуден өтпей қалды. Әйелдер арасында 500 метрге жүгіруден Анастасия Крестоваға да келесі кезеңге жолдама бұйырмады.

Сондай-ақ отандастарымыз биатлоннан 7,5 шақырымдық спринтте да бақтарын сынады. Олардың арасынан ең үздік нәтижеге Галина Вишневская қол жеткізді. Ал Дарья Климина 58-ші болып мәре сызығын кессе (+2:41.5), Ольга Полторанина 63-ші (+2:53.4), Алина Райкова 71-ші (+3:27.6) орындарға ие болды. Галина Вишневская мен Дарья Климина алғашқы 60 спортшының қатарына кіргендіктен, алдағы күндері із кесу кезеңінде бақ сынауға мүмкіндік алды.

Ал шана спортынан Никита Копыренко сынға түсті. Ол бірінші мүмкіндігінде 35-ші орынға ие болса, екінші мүмкіндігінде 38-шы орынға табан тіреді.


Соңғы жаңалықтар