Олимпиада-2018: Қазақстандық спортшылардың 9-шы күнгі нәтижелері

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Қазақ елі үшін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарының  тоғызыншы күні де әдеттегідей медальсыз аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін отандастарымыз жарыс кестесіне сәйкес үш спорт түрінен ғана бақ сынады. Ең бірінші болып, Астана уақытымен 16:00 де шорт-трекшілерден 1 500 метр қашықтықта екі қызымыз сайыс алаңына шықты. Олардың бірі шорт-трекші Оңтүстік Кореядан қалап алған Ким Ионг А болса, екіншісі өз жерлесіміз Анастасия Крестова болатын. Өкінішке қарай екеуі де алғашқы іріктеу сынынан сүрінді. Ким Ионг А өз тобында аталған 1 500 метрді төртінші орынмен аяқтаса,  Анастасия Крестова өз тобында 6-шы орынға табан тіреді.

Ал бүгін ерлер арасында шаңғы акробатикасынан ерлер арасында отандасымыз Ильдар Бадрутдинов өнер көрсетті. Алайда,  ол жарыс барысында 89.18 ұпай жинап, 19-шы орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішпен ол да келесі кезеңге өте алмады.

Сонымен соңғы үмітті  үлкен трамплиннен шаңғымен секіру сайысында сынға түсетін Сергей Ткаченкоға арттық. Өкінішке қарай  Ткаченко да біз күткен межелі орынды бағындыра алмады. Ол бүгін екінші мүмкіндігінде 73.5 ұпай жинап, жарысты 49-шы орында аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Қазақстан қоржынында Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медаль бар.

Соңғы жаңалықтар