Олимпиада-2018: Қазақстандық шаңғышылар жарысты 8-орынмен аяқтады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан XXІІІ қысқы Олимпиада ойындарында шаңғышы жігіттеріміз командалық спринт жарысын 8-ші орынмен аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаңғыдан ерлер арасында өткен командалық спринт жарысына жалпы 14 команда қатысты. Бұл сында Қазақстан атынан Денис Волотка мен  Алексей Полторанин бақ сынап, 8.4 шақырымдық аралық мәре сызығын 8-ші болып кесті.

Жарыс нәтижелері:

1. Норвегия - 16:03.97

2. Франция - +0.48

3. АҚШ - +0.72

8. Қазақстан (Денис Волотка, Алексей Полторанин) - +26.13.

Соңғы жаңалықтар