Олимпиада-2018: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева еліміз қоржынына тұңғыш медальды салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үздік алты спортшының арасында алғашқы болып жарыс жолына шыққан отандасымыз 77.40 ұпай жинады. Бұл нәтиже оған Олимпиаданың қола жүлдесін сыйлады.

Айта кетейік, Юлия Галышева финалдық кезеңнің бірінші бөлігінде өз тобында сәтті өнер көрсетіп, финалдық екінші кезеңге өткен болатын. 

Юлияға Пхёнчханда қазақстандық жанкүйерлер қолдау білдірді.

Фристайл. Могул, финал:

1. Перрин Лаффон, Франция 78.65

2. Жюстин Дюфур-Лапуант, Канада 78.56

3. Юлия Галышева, Қазақстан 77.40

Соңғы жаңалықтар