Олимпиада-2018: Қанша елге Олимпиада медалі бұйырды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өткен ХХIII қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан 92 мемлекеттің 30-ы Олимпиада ойындарының медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан спортшылары бір қола медальмен жалпы есепте Латвия және Лихтенштейн елдерімен 28-ші орынды өзара бөлісіп тұр.

Жалпы есепте үздік бірінші орынға Норвегия құрамасы ие болды. Олардың қоржынында 14 алтын, 14 күміс және 11 қола (39) медаль бар, екінші орында Германия құрамасы тұр. Бұл елдің еншісінде 14 алтын, 10 күміс және 7 қола жалпы саны (31) медаль бар. Ал үздік үштікті Канада тұйықтап тұр. Бұл елдің спортшылары 11 алтын, 8 күміс және 10 қола, жалпы саны (29) медаль алды.

Фото: www.denverpost.com

Соңғы жаңалықтар