Олимпиада 2018: Ильдар Бадрутдинов финалдық кезеңге жете алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында шаңғы акробатикасынан өнер көрсеткен отандасымыз финалдық кезеңге өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл сында Қазақстан атынан Ильдар Бадрутдинов сынға түскен болатын. Ол жарыс барысында 89.18 ұпай жинап, 19-шы орынға табан тіреді.

Бүгін Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары бар-жоғы үш спорт түрінен өнер көрсетуде. Осыған дейін шорт-тректен 1500 метр қашықтықта сынға түскен Ким Ионг пен Анастасия Крестова да алғашқы іріктеу кезеңдерінен сүрінген болатын.

Енді санаулы минуттардан кейін Сергей Ткаченко трамплиннен шаңғымен секіру сайысында бақ сынайды.

Соңғы жаңалықтар