Олимпиада-2018: Германия әлі көш бастап келеді

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының тоғызыншы жарыс күнінің нәтижелері бойынша Қазақстан жалпы есепте 24-шы орынға сырғыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әзірге Қазақстан құрамасында фристайлшы Юлия Галышева жеңіп алған жалғыз қола медальдан басқа жүлде жоқ.

Бүгінгі күннің жалпы қорытындысы бойынша жалпы есепте бірінші орында әлі Германия құрамасы көш бастап келеді. Олар 9 алтын, 4 күміс және 4 қола (17) медальмен өзге қарсыластарынан оқ бойы озық тұр. Алайда, екінші орында келе жатқан Норвегия құрамасы жалпы медальдар саны жағынан бірінші тұрғанымен, алтын медальдар саны жағынан Германия спортшыларынан қалып келеді. Олардың еншісінде әзірге 7 алтын, 8 күміс және 7 қола жалпы (22) медаль бар.

Ал үздік үшінші орынды Нидерланды елінің құрамасы түйіндеп тұр. Олардың еншісінде 6 алтын, 5 күміс және 2 қола медаль бар. Ал төртінші орында келе жатқан Канада құрамасының еншісінде 5 алтын, 5 күміс және 5 қола медаль болса, үздік бестікті түйіндеп тұрған АҚШ құрамасының қоржынында 5 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль бар.

Естеріңізге сала кетейік, 9-шы ақпанда алауы тұтанған Ақ Олимиада ойындарына Қазақстан 57 жолдама жеңіп алған болатын. Олар спорттың 9 түрінен ел намысын қорғап жатыр. Ал, жалпы Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 102 мадаль жиынтығы сарапқа салынады. Жарыс 25-ші ақпанда өз мәресіне жетеді.

Соңғы жаңалықтар