Олимпиада-2018: Фристайлшы қыздар финалға шыға алмады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында жарыс жолына шыққан фристайлшылар финадық сынға өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан атынан қыздар арасында фристайл-акробатикадан Жанбота Алдабергенов, Ақмаржан Қалмұрзаева, Маржан Ақжігіт және Аяна Жолдас сынға түскен еді.

Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындсы бойынша Алдабергенова 12-орын (81.07 ұпай), Ақжігіт 14-орын (79.17 ұпай), Қалмаұрза 21-орын (58.58), Жолдас 23-орын (51.01) иеленді.

Бұл сында жолы болмағандарға екінші мүмкіндік беріледі.

Екінші іріктеу кезеңінде Алдабергенова 85,36 ұпай алып, 7-орынды еншіледі. Маржан Ақжігіт 70,20 ұпаймен 12-орынға табан тіреді, ал Ақмаржан Қалмұрзаева 16-орын (47.32), Аяна Жолдас - 18-орынға (57.98) тұрақтады.
null null null null 

 

Фото: Данияр Майлыбаев

Соңғы жаңалықтар