Олимпиада-2018: Биатлоншы жігіттеріміз де жүлдесіз қалды

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында биатлоннан төрт бірдей жігітіміз жарыс алаңына шығып, барлығы жүлделі орындарға жете алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биатлоншы жігіттерімізден ел намысын Василий Подкорытов, Максим Браун, Тимур Хамитгатин және Владислав Витенко қорғаған болатын. Олар 20 шақырымдық жекелей сайыста бақтарын сынап, өкінішке қарай соңғы орындарды місе тұтты.

Аталған қашықтықты  Максим Браун 61-ші орынмен аяқтаса, Василий Подкоритов 62-ші, ал Тимур Хамитгатин 72-ші орынға ие болды. Сондай-ақ,  Владислав Витенко 83-ші орынмен ең соңғы орынға жайғасты.

20 шақырымдық жекелей сайыста бас жүлдені норвегиялық Йоханнес Бе қанжығасына байласа, күмісті словениялық Фак Яков жеңіп алды. Үздік үштікті австриялық Доминик Ландертин жеңіп алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 15 шақырымдық жекелей сайыста биатлоншы қыздарымыз да жүлдесіз қалғанын жазған болатынбыз.


null null null null 

null null 
null 

Фото: Ізтұрған Алдауев

Соңғы жаңалықтар