23:19, 13 Ақпан 2018 | GMT +6
Олимпиада-2018: 14 ақпанда биатлоншы қыздарымыз жарысқа шығады
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 14 ақпан күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олимпиада ойындарының алтыншы күні қазақстандықтар спорттың 3 түрінен бақтарын сынайды. Атап өтсек, спортшыларымыз тау шаңғысы, биатлон және конькимен жүгіруден сынға түседі.
Енді назарларыңызға 14 ақпандағы спортшыларымыздың жарыс кестесін ұсынамыз:
Тау шаңғысы
Әйелдер. Слалом
10:15, іріктеу
15:45, финал
Қатысушы - Мария Григорова
Конькимен жүгіру спорты
19:00 Әйелдер, 1000 м
Қатысушы - Екатерина Айдова
Биатлон
20:05 Әйелдер,
15 шақырым
Қатысушылар - Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Алина Райкова, Дарья Климина