Олимпиада: 18 ақпанда Алексей Полторанин жарыс жолына шығады

None
None
ПХЕНЧХАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 18-ші ақпанда жарысқа шығатын спортшылардың жарыс кестесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жексенбіде қазақстандықтар спорттың 3 түрінен бақ сынайды.

Ерлер арасында тау шаңғы спортының үлкен слалом сайысы бойынша бірінші іріктеу сыны өткізіледі. Онда қазақстандық спортшы Игорь Закурдаев жарыс жолына шығады. Жарыс Астана уақытымен сағат 07:15-те басталады. Іріктеу сынын тікелей эфирде «Хабар» телеарнасы көрсетеді.

Сондай-ақ ерлер арасында шаңғы жарысынан 4x10 шақырым қашықтыққа эстафета өткізіледі. Оған қазақстандық Алексей Полторанин, Денис Волотка,  Евгений Величко, Виталий Пухкало қатысады. Жарыс сағат 12:15-те басталады. Оны тікелей эфирде Qazaqstan телеарнасы көрсетеді. 

Жексенбіде қазақстандықтар қатысатын соңғы жарыс коньки спортынан әйелдер арасында өткізіледі. 500 метр қашықтықта Екатерина Айдова бақ сынайды. Коньки жарысының басталатын уақыты - 17:30. Жерлесіміздің жарысын QazSport телеарнасы ткіелей береді. 

Еске сала кетсек, қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин бұған дейін классикалық спринттік сайыстың финалына өте алмаған болатын. 

Соңғы жаңалықтар