Өлі күйінде табылған жеті жасар баланың анасы Сапарбаевтан көмек сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бес ай бұрын денесі өлі күйінде табылған жеті жасар Саян Жақсылықтың анасы Ақтөбе облысының әкіміне полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды.

«Мен бес ай бойы күттім, қылмыстық іс бойынша ешқандай нәтижелер жоқ. Қазір екінші баламның өмірі үшін қауіптенемін. Сізден көмек сұраймын, істің тезірек ашылғанын қалаймын», - деді Бердібек Сапарбаевқа Миялы ауылының тұрғыны Гүлмира Сейітова.

Мәйітке жүргізілген сараптама нәтижесі ұл бала буындырылып өлтірілгенін көрсетті. Патологоанатомдар баланың денесінен басқа зақымдар таппады. Жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы тергеу жұмыстары сот-геномдық сараптамалардың салдарынан тоқтап тұрғанын айтты.

«Сараптама нәтижелерін өзіміз де күтіп отырмыз. Онда өз мерзімдері бар, бес ай тосу қажет, тексеру Астана мен Атырауда ғана өткізіледі», - деді Әйтеке би ауданы Ішкі істер бөлімінің бастығы Ардақ Ысмайылов.

Өз кезегінде Ақтөбе облысының әкімі қылмыстық істің тергелуін өзінің жеке бақылауына алуға уәде етті.  «Қылмыстық істі аяқтау үшін сараптама қорытындылары қажет. Жағдайды өз бақылауымызға аламыз», - деп қадап айтты Бердібек Сапарбаев.

Еске салсақ, жеті жасар Саян Жақсылық 27 сәуір күні мектепке кетіп, із-түзсіз жоғалды. Баланы бүтін ауыл тұрғындары іздеді. Оқушының полиэтилен пленкасына оралған денесі келесі күні таңертең, туысқандардың бірінің мал қорасынан табылды. Бірақ бір күн бұрын ол жерде ештеңе болмаған. Полицейлер денені ол жерге әкеліп тастаған деген тұжырымға келді.

Ақпарат «31» арнадан алынды. 


Соңғы жаңалықтар