Өлген анасының зейнетақысын 24 жыл бойы алып жүрген әйел сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өз анасының зейнетақысын 20 жылдан астам уақыт бойы өз атына аударып жүрген әйел 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады ТАСС .

Fox News телеарнасының хабарлауынша, Сот АҚШ-тың Калифорния штатының тұрғыны 66 жастағы Эмма Картер-Александр мемлекетке 298,1 мың доллардан астам қаржыны қайтаруы тиіс деген қаулы шығарды.

Іс материалдарына қарағанда, америкалық әйел өз анасы Дороти Гриффинге 1991 жылдан қамқорлық жасай бастаған. Көп өтпей, АҚШ Әлеуметтік қамсыздандыру қызметі ай сайын жіберіп отыратын зейнетақысын өзінің мекенжайы бойынша алып, чегін қолма-қол ақшаға айналдыру құқығын алған. Картер-Александр шешесі Гиффин ол ақшаларды қалай жұмсап жатқаны туралы үнемі есеп беріп отырған. Ал шындығында өз қажетіне жұмсап келген.

Алаяқ әйелдің анасы 1993 жылы қайтыс болады. Он жылдан кейін ол Хьюстоннан (Техас штаты) Вальехоға (Калифорния) көшіп, Әлеуметтік қамсыздандыру қызметіне зейнетақыны жаңа мекенжай бойынша жөнелту қажеттігі туралы хабарлайды. Жыл сайын Картер-Александр зейнетақының жұмсалуы туралы есеп дайындап, жалған мәліметтер заңмен қудаланатынын ескертіп отырған. Қамсыздандыру қызметі осындай «шынайы» сөздерден кейін оның анасы неше жыл бұрын дүние салғанына тіпті күмәнданбаған да.

Соңғы жаңалықтар