Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған халықаралық жарысқа 10 ел қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 20 қаңтар күні Өскеменде жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова жүлдесіне арналған IV халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жарыс биылғы жылы Азия жеңіл атлетика қауымдастығының күнтізбесіне енгізілген.

Жыл сайын турнирдің географиялық ауқымы үлкейіп келеді. Былтырғы жылы Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Грузия, Қырғызстан, Армения, Малайзия, Қазақстан спортшылары қатысқан.

Ал биыл Украина, Малайзия, Армения, Грузия, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь және Қазақстан атлеттері қатысады. Жарыс 20 қаңтар күні 10:00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар