«Оқжетпес» «Қайраттан» 10:0 есебімен ойсырай ұтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шағын футболдан Қазақстанның тұрақты чемпионы болып келе жатқан «Қайрат» ел біріншілігі аясында «Оқжетпеспен» кездесіп, көкшетаулықтарды 10:0 есебімен ойсырай ұтты, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА ҚР Футзал қауымдастығына сілтеме жасап.

Алматыда өткен матч барысында «Қайрат» үзіліске дейін - төрт, кейін тағы алты гол салды. Үш-үш голдан Тайеби мен Першин салды, дубль авторы Жаманқұлов атанды, бір-бір доптан Эдуардо мен Даниэль бағыттады.

«Қайраттың» бұл жеңісі «Жетісуды» кестенің бірінші орнынан ысыра алды. Бұл ретте, Какаудың шәкірттерінде запаста екі ойын бар. 

Соңғы жаңалықтар