«Оқжетпес» футбол клубының бас жаттықтырушысы тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Андрей Карпович Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат кулубтың сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Андрей Владимирович Карпович 1981 жылдың 18-ші қаңтарында Семей қаласында туған.

Кəсіби мансабын «Елімай» (Семей), «Ертіс» (Павлодар), «Қайрат» (Алматы) тəрізді отандық футбол клубтарында бастады. 2002-2003 жылдары ресейлік «Ростов» командасына өнер көрсетті.

2007-2008 жылдары мəскеудің «Динамо» клубы сапында ойнайды.

2009 жылы Астананың «Локомотив» командасына ауысты. 2010 жылы «Ақтөбе» сапына өнер көрсетті.

2017 жылы алматылық «Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысының көмекшісі, кейін бас жаттықтырушының міндетін атқарушы болды. «Қайрат» футбол клубының сапында 2018 жылғы маусымда Қазақстан кубогінің иегері атанды. «Оқжетпес» футбол клубымен еңбек келісім-шарты 2019 жылдың соңына дейін мерзімге жасалды.

Айта кетейік, Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы 2018 жылғы маусымында ҚР Бірінші лигасының чемпионы атанып, премьер лигаға берілетін жолдаманы ұтып алған болатын.

Соңғы жаңалықтар