«Оқжетпес» футбол клубына жаңа директор тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облыстық ММА федерациясының басшысы Ерлан Бөтембаев «Оқжетпес» футбол клубының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі футбол клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың қаңтар және ақпан айларында Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Оқжетпес» футбол клубы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры лауазымына байқау жариялаған болатын. Байқауға бес кандидат қатысты. Олардың арасынан Ерлан Дүйсенұлы Бөтембаев таңдалып, 16 ақпанда «Оқжетпес» футбол клубының директоры қызметіне тағайындалды», деп көрсетілген хабарламада.

Е.Бөтембаев 1974 жылдың 17 қарашасында туған. Щучье педагогикалық колледжін «дене шынықтыру, спорттық клубтар мен үйірмелерді ұйымдастырушы», Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетін «құқықтану», «Көкше» академиясын «дене шынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.

Ақмола облысының жастар күрес федерациясының атқарушы директоры, «Аралас жекпе-жек және джиу-джитсу республикалық федерациясы» қоғамдық бірлестігінің спорт бойынша директоры, «Ақмола әуесқой бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің директоры және «Бурабай» спорт сарайының директоры лауазымдарында болды.

Ерлан Бөтембаев қазіргі уақытта, сондай-ақ Ақмола облысының ММА федерациясын басқаруда.

 

Соңғы жаңалықтар