«Оқжетпес» ФК премьер-лигада 90 пайыз жаңа құраммен ойнайды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубы «Оқжетпес» ФК премьер-лигада 90 пайыз жаңа құраммен ойнайды. Бұл туралы команданың спорт директоры Ержан Жәмбіров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клуб басшылығының айтуынша, премьер-лигада командадағы жоғары нәтижеге қол жеткізу міндеттеліп отыр. Сол үшін команданың сапын тәжірибелі мықты ойыншылармен толықтыру жаспарда бар.

«Премьер-лигада команда ойыншыларының 90 пайызы ауысады. Премьер-лига бірінші лига емес. Сондықтан, бұған үлкен жауапкершілікпен қарап отырымыз. Қаңтардың 7-21 күндері аралығында Түркияның Анталия қаласында бірінші оқыту-жаттығу жиынын өткіземіз. Сонда жаңа ойыншыларды қарап, команданың құрамы жасақталатын болады. Оның ішінде ең бірінші өзіміздің премьер-лигадағы командаларда өнер көрсетіп жүрген үздік футболшылар тартылады», дейді Ержан Жәмбіров.

Қазірдің өзінде «Оқжетпес» командасының жатықтырушылар штабы алматылық «Қайрат» ФК жаттықтырған Андрей Карповичтен бөлек, екі маманмен толығып отыр. Соның бірі - Сергей Лобановский.

Айта кетейік, осыған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Көкшетаудың «Оқжетпес» футбол клубына бас жаттықтырушы болып тағайындалған Андрей Карпович БАҚ құралдарына таныстырылған еді.

Соңғы жаңалықтар