Оқушылар латын қарпіне аударатын мобильді конвертор жасады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Бұлбұл Қалман мен Мәдина Серік қазақ тілінде жазылған мәтінді кириллицадан латын қарпіне аударатын Latin Translator Dictionary мобильді конверторын жасады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Оқушы қыздардың айтуынша, қосымшаны дайындауға үш апта уақыт кеткен. Ұстаздарының жетекшілігімен жұмыс істеген олар, бейне сабақтардан да көп мағлұматтар алыпты.

«Қосымшаны  Java  көмегімен Android Studio негізінде жасадық. Бұл Android операциялық жүйесімен жұмыс істейтін смартфондарға арналған қосымша . Зерттеулер көрсеткендей, еліміздегі тұрғындардың 70 пайызы осы жүйені қолданады», - дейді Бұлбұл Қалман.

Жобаның ғылыми жетекшісі Дана Абдулманованың айтуынша,  қосымшадағы интерфейс идеялары толығымен қыздардың өз қиялынан туған. 

«Қолданушыларға пайдасы тиіп, халық өз бағасын бере жатар. Ендігі жоспар  жобамызды  Play Market  қосымшасына енгізу. Жазға қарай апгрейд нұсқасын дайындаймыз. Жобаны ары қарай дамыта түсеміз», - деді Дана Абдулманова.

Соңғы жаңалықтар