Оксана Лоскутова Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі қызметіне тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Евгений Кочетов ұжымға ҚР АКМ ОКҚ директорының орынбасары - ресми өкілі болып тағайындалған Оксана Лоскутованы таныстырды. Оған дейін Оксана Лоскутова «Қазақстан футбол федерациясы» ЗТБ баспасөз хатшысы қызметін атқарды. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісі арқылы Е.Кочетов хабарлады.

Оксана Лоскутова 1980 жылы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген.

2002 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы» мамандығы бойынша бітірді. Биыл «Тұран-Астана» Университетінде «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітіреді.

Еңбек жолын 1999 жылы «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасында «Армысың, Ақтөбем!» бағдарламасының жүргізушісі, корреспонденті қызметінен бастады.

2006 жылы Ақтөбеде «Рика-ТВ» телеарнасында жаңалықтар жүргізуші болып қызмет атқарды.

2006-2013 жылдар аралығында «Астана» телеарнасында жүргізуші, жаңалықтардың жауапты шығарушысы, тілші болып жұмыс істеді.

2013 жылы «Назарбаев орталығы» ММ баспасөз хатшысы қызметін атқарды, ал 2014 жылы  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы»  ММ баспасөз хатшысы - жұртшылықпен байланыс қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.

2016 жылы «Қазақстан» РТРК» АҚ баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің "Орталық коммуникациялар қызметі" РММ директорының орынбасары - Ресми өкілі қызметін атқарған  Мұрат Жұманбай басқа жұмысқа ауысты.

Соңғы жаңалықтар