ОҚО Жергілікті полиция басқармасына ақыры жаңа басшы келді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Жергілікті полиция басқармасына жаңа басшы келді. Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті отырысында депутаттар бұл лауазымға Әбдіғани Сейдуалиевтің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Айта кетейік, Әбдіғани Сейдуалиев биыл ақпан айында Әкімшілік полицияның басшысы болып тағайындалған еді. Енді оған облыстың жергілікті полициясын басқару да тапсырылып отыр. Мәслихат сессиясы барысында депутаттар жаңа басшыға тәртіп сақшыларының жұмысын жақсартып, абырой беделін көтеру жүктелетіндігін айтты.

Еске сала кетейік, 2014 жылы өңірде полицейдің қызметтік қаруын жоғалтқаны үшін облыстық ІІД-нің бес бірдей лауазымды тұлғасы жұмыстан босатылған болатын. Солардың қатарында ол кезде жол-патрульдік полиция полкінің командирі болған Әбдіғани Сейдуәлиев те болған. Дегенмен енді депутаттар ол полицейлер жұмысын ширатады деген сенімде.

 Басқарманы бұған дейін басқарған Балтабек Абылаев өз еркімен қызметінен кеткен. Содан бері бірнеше ай өтсе де бұл қызметке ешкім тағайындалмаған еді. 

Соңғы жаңалықтар