ОҚО Ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясында «Қазанат» атшабарында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атшабарға жиналған қауым аударыспақ, қыз қуу, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік және ат үстінде жігіттердің өнерін тамашалады.

Шараның ашылу салтанатына ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі Сəкен Мұсайбеков, жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл, ҚР Парламентінің депутаты, даңқты боксшы Серік Сəпиев сынды еліміздің белгілі спорт саңлақтары қатысты.

Ат спорты түрлерінен бастау алған спорттық шара ересектер арасында 80 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша қазақ күресіне ұласты.



Бұдан бөлек, жасөспрімдер мен жастар арасында асық атудан, жастар және ересектер арасында тоғызқұмалақтан, көрермендар арасында салмағы 35 келі болатын қошқар көтеру сайыстары өтті. Қошқарды иығына салып 28 көтерген Бердіқұл Əлфарабиге тең келер ешкім болмады. Теңге алудан Мағжан Сапарбеков жүлдегер атанды.

Жарыс қорытындысына сай жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар