ОҚО тұрғындары динозавр сүйектерін тауып алғанын мәлімдеді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақсстан облысында екі тұрғын динозавр сүйектерін тауып алғаны жөнінде ақпарат таратты. Уатсап менссенджері арқылы тараған суретте екі жігіттің динозаврға ұқсас сүйекті ұстап тұрғанын көруге болады.

Ал, төмен жағында бұл сүйек Сайрам ауданында табылғаны жөнінде жазылады. Тұрғындардың сөзінше динозаврға ұқсас қаңқа бір ғасырға жуық тұрған ескі үйді бұзып жатқан кезде табылғаны көрсетілген. Желі қолданушылар болса табылған сүйектер динозаврдың ежелгі түріне тиесілі екенін айтып, оны ғалымдарға жіберу керек, деп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін де Қазығұрт ауданының тұрғындары динозаврдың сүйегін тауып алдық деп елді шулатқан болатын. Кейіннен табылған сүйектерді зерттеген ғалымдар оның кәдімгі мысыққа тиесілі екенін анықтады. 

Соңғы жаңалықтар