ОҚО: Төлебиліктер «Алтын күз» мерекесін ерекше атап өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының ауыл шаруашылық қызметкерлері биылғы жылды табысты қорытындылады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қай уақытта болмасын, аудан еңбеккерлері күз айында егін жиып-теріп, малдың азығын жинап болған сәтте бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша, Төлебидің ауыл шаруашылығы еңбеккерлері «Алтын күз» мерекесін салтанатты түрде атап өтеді. Осыған орай, «Тау жұлдызы» логистикалық-сауда орталығы аумағында киіз үйлер тігіліп, аудан тұрғындары мен қонақтарына дастархан жайылды.

Мерекеде ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.  Жәрмеңкеде ауданның ауыл шаруашылық еңбеккерлері өз өнімдерін жұртшылыққа ұсынды. Барлық тауарлар төмен бағада сатылды. Биылғы жыл ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріміздің еңбектері жоғары бағаланып, оң нәтижелі өзгерістерге толы жыл болып отыр. Аудан негізінен ауыл шаруашылық бағытын ұстанады. Жылдан-жылға егістік көлемі ұлғайып, мал шаруашылығындағы жетістіктер артып келеді. Өз еңбектерімен жоғары көрсеткіштерге ие болған аудан еңбеккерлері марапатталды. Мереке концерттік бағдарлама мен спорттық ойындарға ұласты.

Айта кетейік, ауданда 9 айдың қорытындысы бойынша егілген астық көлемі 20613 га жетіп, түсімі гектарына 27 центнер, дәнді дақыл 10886 га жетіп,  түсімі гектарына 10,5 центнер болды. Мал және құс еті 9221 тоннаға, сүт   43305 тоннаға, ал қымыз өндіру 480 тоннаға жетті.

Соңғы жаңалықтар