ОҚО тәртіп сақшылары Жолдауды талқылады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат -  Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылады. Департаменттің басшылығы жеке құрамға маңызды құжаттағы басым бағыттарды саралап, атқарылуы тиіс жұмыстарды атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиында негізінен Жолдаудағы жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігіне арналған тоғызыншы бағыты  талқыланды. Облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Қайрат Дәлбеков басқосуда Мемлекет басшысы атап көрсеткен он меженің жүзеге асырылуы бойынша тиісті жұмыстар басталып кеткенін атап өтті. Ондағы көрсетілген міндеттерді іске асыру жалпыға ортақ екенін жеткізді.

«Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек»,- деді Қайрат Дәлбеков.

Полиция полковнигі қарамағындағы қызметкерлерді  Жолдауды жүзеге асыруда жұмылып жұмыс істеуге шақырды. 

Соңғы жаңалықтар