ОҚО спортшылары сегіз айда 1153 медаль жеңіп алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары биылғы жылдың сегіз айында 1153 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 391 алтын медаль болса, 384-і күміс, ал 378 қола медаль. Оның арасында 51-і Азия чемпионы, ал 9 әлем чемпионы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ОҚО Өңірлік коммуникацилар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев  мәлімдеді.

Сонымен қатар, өңірдегі бұқаралық спорттың дамуы туралы баяндаған басқарма басшысы  биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша осы мақсатта облыс аумағында жалпы 3060 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған  360 мыңнан аса адам қамтылғанын атап өтті.

«Бүгінгі таңда облыста спорттың 63 түрі дамытылып келеді. Ал дене шынықтыру мен спортты дамыту бағытында 87 мемлекеттік спорт мекемелерінде спорт түрлері бойынша 2400-ге жуық жаттықтырушылар құрамы 54 мың спортшымен күнделікті оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері өңірде дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 738,3 мыңға жуық адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың спортпен қамтылуы 25,8 пайызға жетті. 2016 жылы бұл көрсеткіш - 23,2 пайызды құраған еді. Жыл соңына дейін тұрақты шұғылданушылар санын 26,0 пайызға   жеткізу жоспарланып отыр»,-деді Ә.Нұртаев.

Спикердің мәліметінше, 2017-2018 жылдары аралығында облыстық бюджет есебінен жалпы құны 700 млн. теңгені құрайтын 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынады. Жалпы бүгінгі таңда облыста 5369 спорт нысандары тіркелген.

Соңғы жаңалықтар