ОҚО шаруалары жарты жылда 139,1 млрд теңгенің өнімін өндірген

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстаның шаруалары биыл 6 айда 139,1 млрд теңгенің ауыл шаруашылық өнімін өндірген. Ал, өңірдің экспорт құрылымында Нидерланды, Өзбекстан, Ресей, Қытай және Ауғанстан мемлекеттерінің үлесі мол. Бұл туралы облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, жыл басынан бергі жарты жылда өнеркәсіп өнімінің көлемі 371,5 млрд теңгені құраған. Өңделген өнім 250,4 млрд теңгеге сатылған. Осылайша облыс экономикасының дамуына серпін беретін жалпы өңірлік өнім көлемі 1,1 трлн теңгеже жетіп отыр. Бұл ретте негізгі үлесті өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен құрылыс саласы қосқан. Арман Сәбитовтың айтуынша өңірдегі өнеркәсіп саласы өңдеу, тау-кен, бу, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау өнеркәсібінен құралады. Тамақ өнімдерін өндіру, фармацевтикалық, металлургия, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп салалары бойынша да өсім байқалады.

«Облысымыздағы индустрияландыру картасының екінші бес жылдығы жоспарына сай 135 жобаны жүзеге асыру жоспарда бар. Оның ішінде биыл 17 жобаны іске асыру көзделуде. Аталған 17 жобаның жалпы құны - 37 млрд теңге.  Егер жобалар толық іске асса, 909 жаңа жұмыс орны ашылатын болады», - деді Арман Сәбитов.

Ал, бөлшек сауда айналымы 182,3 млрд теңгені құрап, 18 млрд теңгеге артқан. Ал, сыртқы сауда айналымы 1,1 млрд долларға жетсе, оның ішінде экспорт - 468,3 млн доллар, импорт - 620,6 млн доллар. Экспортқа негізінен ет, тамақ өнімдері, дәрі-дәрмек, металл, машина, құрал-жабдық, тоқыма бұйымдары шығарылуда. 

Соңғы жаңалықтар