ОҚО: Отырарда мүлікті жария ету мәселесіне арналған семинар өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданындағы Халыққа қызмет көрсету орталығында тұрғындар арасында «Мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау заңын талқылау» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семинар барысында мүлікті жария ету жөніндегі комиссия хатшысы А.Сындарқұлов, Отырар ауданы бойынша кірістер басқармасының бас маманы Қ.Афиз «Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдерден көшіп келген қандастарымызға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңның қабылданғаны туралы хабарлап, аталмыш құжаттың мемлекеттік мүлікті, соның ішінде заңды экономикалық айналыстан ертерек шығарылған ақшаны бір реттік жариялау шарасын өткізу тәртібі мен шарттарын регламенттеуге бағытталғанын хабарлады.

Еске сала кетейік, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданған болатын.

Құжат Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар