ОҚО: Оқытушылар арасындағы облыстық спартакиада қайта жанданды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Түлкібас ауданында техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері оқытушыларының арасында облыстық спартакиада болып өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бәсекеге 12 команда қатысты. Екі күнге созылған жарыста Түркістан, Сарыағаш, Жетісай құрама командалырының бәсі басым түсті. Мұндай додада техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің оқытушылары осыдан 10 жыл бұрын кездескен. Бастаманы қайта жандандырған түркістандықтарды Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі қолдай кетті. Спорттық ойынның  7 түрінен сайысқа түскен ұстаздар алғашқы күні-ақ шахмат, үстел теннисі, волейбол сынды ойындарда мықтылықтарын танытты. Екінші күні сайыскерлер шағын футбол, арқан тарту, тоғыз құмалақ, дойбы, кір тасын көтеру бойынша бақтарын сынады. Дара шығып, оза шапқандардың көшін Түркістан гуманитарлық-техникумы бастады. Ал Қапланбек аграрлық колледжі екінші орыннан көрінсе, үшінші орынды Жетісай гуманитарлық колледжі місе тұтты. Жеңіске жеткендер қаржылай және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, бұқаралық спортты дамытуға арналған шара алдағы уақытта да жалғасатын болады. Осылайша оқытушылар өздері бас болып салауатты өмір салтын жастарға үлгі етіп көрсетуде.

Соңғы жаңалықтар