ОҚО: Облыстың ономастикалық мәселелері арнайы конференцияда талқыланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкентте «Оңтүстік өңірдегі ономастика мәселелері» деп аталатын аймақтық конференция болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 930 елдімекенде 11 мың 263 көше бар. Аймақтағы 185 ауылдық округтің 161-не тарихи жер-су атаулары қайтарылды. 24-не жеке адам есімдері берілген. Алқалы жиынға көршілес облыстардың ономастика мәселесіне жауапты мемлекеттік қызметкерлері мен елімізге танымал ғалымдар қатысты. Конференцияның мақсаты: өзекті мәселелерді талқылап, оның шешу жолдарын қарастыру болатын. Алғаш болып, сөз алған белгілі абайтанушы ғалым, Мекемтас Мырзахметов жер-су атауларының қойылу тарихын талдап айтып берді.

Шымкент қаласы аумағының үлкейіп, Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарынан бірқатар елдімекендер қосылғаны белгілі. Ендігі мәселе осы елдімекендердегі көше атауларының қайталануы болып тұр. Ал, ел Заңы бойынша 1 ауданда бір атау 3 рет қайталанбауы керек. Сонымен қатар 1 елдімекенде есімдері бірдей 2 көшенің болмауы шарт. Шымкентте әзірге бұл жағдай шешімін таппай тұр. Алайда, тағы бір мәселе бар. Ол көшелерге ат қою мәселесін реттеу бойынша жарияланған шектеу. Былтыр Жеңістің 70 жылдығына байланысты көшелер мен елдімекендерге соғыс ардагерлерінің есімі берілген болса, биыл бұған да тыйым салынды.

«Биыл мерейтойлары аталып өтілейін деп отырған Ы.Алтынсарин ,Әлихан Бөкейханов, Мұхамеджанов, Кенжетаев, Ерғалиев, Бұлқышевтар есімдері беріледі. Осыдан басқа есімдерді беруге мораторий жарияланып отыр», - деп атап өтті облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Қасым Ағабеков.

Ономастика мәселесінде алда атқарылар жұмыс ауқымды. Сондықтан бұл мәселе кезең-кезеңімен шешіледі.

Соңғы жаңалықтар