ОҚО-ның таулы аудандарында қар жауды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  -  Оңтүстік Қазақстан облысында күн күрт суытып, таулы аудандарға қар түсті, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше кешкісін облыс орталығында нөсер жауын  жауып,  таңға жуық тоқтады. Ауа температурасы түнде 13-15 градус нөлден жоғары болса, түнде 5 градусқа дейін суытты. Ал, таулы аудандарды қар жауды.

«Шымкентте жаңбыр аса көп жауған жоқ. Ал, облыстың таулы аудандарда жаңбыр тым көп болып, Төле би сияқты таулы аудандарда қар түсті», - дейді «Қазгидрометтің»  Оңтүстік Қазақстан облысы бөлімшесінің мамандары.

Еске салайық, бұған дейін «Қазгидромет» орталығы оңтүстік өңірлерінде күн суытатыны туралы ескерту жасаған болатын. 17-19 сәуір аралығында кей аудандарда нөсер жауын жауып, су деңгейі көтеріледі деп болжанған. Бүгін де оңтүстік өңірінде жауын жауады деп күтілуде. 

Фото: desk-tops.ru

Соңғы жаңалықтар