ОҚО-ның спортшылары қысқы Олимпиадаға жолдама ұтып алды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиадаға жолдама ұтып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің фристайл акробатика шеберлері Жанбота Алдабергенова мен Ақмаржан Қалмырзаева  және Ақжігіт Маржан Америкада өтіп жатқан халықаралық сайыста Олимпиада ойындарына берілетін жолдаманы жеңіп алды.

Оңтүстіктің спортшылары Әлем кубогы үшін кезеңдердің жетеуіне де қатысып, ұпай саны бойынша дүниежүзілік рейтингінде үздіктер қатарынан көрінді.

Соңғы жаңалықтар