ОҚО-ның шаруалары құлпынай өсіруден мол табыс тауып отыр

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары құлпынай өсіруден мол табыс тауып отыр. Жидектің бұл түрін егу әсіресе Сарыағаш, Сайрам, Мақтарал аудандарында жақсы жолға қойылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

null

Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округі бойынша 100 гектар жерге құлпынай өсіріледі. Мұндағы шаруалар құлпынай егілетін алқаптың қоршауын тұрғызып, суару жүйесін құрып қойған. Алқаптың топырағын құнарландыруға да үлкен көңіл бөліп, құлпынайды ылғалды топырақта өсіруде. Топырақтың ылғалдылығын сақтау үшін онда тыңайтқыштар төгіліп, тиісті күтім жасап келеді. Биылғы өнім көлемі де ойдағыдай»,-дейді диқандар.

null

«Көктемде пісіп жетілгенге дейін құлпынайдан 1 айда 1 рет өнім алсақ, 3 күнде 1 рет суарып отырамыз. Әр арық атызының ұзындығы - 75 метр. Құлпынайдың ерекшелігі - оны отырғызған топырақты 5 жылға дейін қозғамайды. Сонымен қатар, тамырын бір қатырып, бір босатып отырғасын, құлпынайдың беретін өнімі де өте ұсақ болады»,-дейді жергілікті шаруа қожалығының төрағасы Шавкат Хакимбаев.

null

Диқанның сөзінше, егістік алқапқа құлпынайдың «Виктория» деген түрі егіліпті. Себебі, өзге сорттарға қарағанда оның өнімділігі жоғары екен. Жиналған жемістің үлкен шелегінің өзі 9 келі тартады. Піскен өнім бүгінде Алматы және Астана қалаларына сатуға жіберілуде. Келісін 300 теңгеден сатып жатқан ауыл тұрғындары мол табысқа кенеліп отырғанын алға тартады.

null

Соңғы жаңалықтар