ОҚО-ның Қазығұрт индустриалды аймағында 5 жоба іске асырылды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданында жыл басынан бергі алты айта 33,2 млрд теңгенің өнімі өндіріліп,  өсім 28,5 пайызды көрсетті. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Қазығұрт ауданының әкімі Төлеген Телғараев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі. 

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндаған әкім, өткен жылы «Өңірлер кәсіпкерлігін қолдау картасы» бағдарламасына енген  жалпы құны 2,6 млрд. теңге болатын 7 жобаның бүгінде бесеуі  іске қосылғанын айтты. Осының нәтижесінде 162 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал 2017 жылдың соңына дейін қосымша екі жаңа жоба іске асырылып, 32 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады. Бұл кәсіпорындардың жалпы құны - 722,7 млн. теңге.

«2017 жылдың алты айында өндірілген өнім көлемі 2964,2 млн. теңгені құрап, нақты көлем индексі 105 пайызды  құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 441 млн. теңгеге артық өнім өндірілді. Олардың ішінде кен өндіру өнеркәсібінің басқа салалары бойынша 40,7 млн. теңге, өңдеу өнеркәсібі бойынша 2363,6 млн. теңге, электрмен жабдықтау, газ беру бойынша 527,8 млн теңге, сумен жабдықтау бойынша 32,1 млн. теңгеге өндірілді»,- деді Төлеген Телғараев.

Сондай-ақ аудан әкімі жыл соңына дейін өнеркәсіп өнімінің көлемін 6,1 млрд. теңгеге  яғни,  нақты көлем индексін 103,5 пайызға  жеткізу көзделуде екенін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар