ОҚО-ның Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Біраздан бері бос тұрған орынға ҚР Әділет министрлігінің шешімімен Орынбасар Тастанов жайғасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа басшыны департамент ұжымына ҚР Әділет министрлігі кадр қызметі департаментінің директоры Қанат Тәжібаев таныстырды.

Орынбасар Тастанов 1975 жылы Шымкент іргесіндегі Ақтас ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдап, еңбек жолын облыстық Спорт департаментінен бастаған.  Бүгінге дейін ҚР Әділет министрлігінде қызмет етіп, мол тәжірибе жинақтаған маман. Ол оңтүстіктегі  ұжымға да  бөтен емес. Оңтүстіктің тумасы өңірдегі департаментте  талай жыл еңбек еткен.  2008 жылдан бастап Төлеби, Сайрам, Сарыағаш аудандарында Әділет басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен. Облыстық департаментте де басшының орынбасары лауазымын атқарды.

Департаменттің жаңа басшысы әріптестерін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды. Бірлік,  ынтымақ пен түсіністік ұялаған ортаның еңбегі еселі тірлігі берекелі болатынын жеткізді.  

Соңғы жаңалықтар